Ерлан Айтханов «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазын қабылдады

Отырар ауданында өнер саласындағы ереше қуантатын жаңалықтың бірі жақында Шымкент қаласында өткен облыстық жастар арасындағы «Алтын дауыс» байқауында өнері үздік деп танылып, жерлесіміз Аян Төлеген гран-при иегері атанды. Осылай Шәмшіні тудырған өлке әншіні де тудыра алатынын тағы да бір дәлелдеді. Басқосуда аудан әкімі Аян Төлегенге құрмет көрсетіп, «Алтын дауысты» әншіге отырарлық қолөнер шеберлері дайындаған бұйымдарды сыйға тартты. -Отырардан спорт, өнер, ғылым қай саланың болмасын Фарабилері шыққан. Білім-ғылымның Фарабиі – Әбу Насыр әл Фараби болса, Бабтардың бабы – Арыстанбаб, Ән падишасы – Шәмші, Рух сардары – Өзбекәлі, Ақиық ақын – Мұхтар, Күш атасы – Қажымұқан, айта берсек осылай жалғасып кете береді. Тіпті спорттың өзі әр салаға бөлінеді. Сендер сол өздерің чемпион болған спорт түрлерінің Фарабилерісіңдер. Болашақта осы жетістігімізді төмендетпей одан әрі шыңдай беруге тиіспіз, — деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
Кездесуде чемпиондарға сый-сыйапат жасап, құрмет көрсеткен аудан әкімі спорт пен білім бәсекесінде биіктен көріне беріңдер деген тілегін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*