ОҚО-ның 1 жартыжылдықтағы жалпы өңірлік өнімі 101 пайыздан асқан

1.Оңтүстік Қазақстан облысында І жартыжылдықта жалпы өңірлік өнімі 1,4 трлн. теңгені құрап, өсім 101,5 пайызға жетті;

 

  1. 2017 жылдың 7 айында облыста 439,1 млрд. тегенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен;
  2. ОҚО-да 187,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндіріліп, көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға артты;

 

  1. Оңтүстікте осы жылы қосымша 297 кооператив құрылып, жалпы саны  539-ға жетті. Өткен жылға қарағанда 2 есе артқан. Кооперация құру жұмыстары бойынша Оңтүстік Қазақстан республика бойынша І орында.  

 

 

  1. ОҚО-да жыл басынан бері 2179 шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, жалпы 11 746 бірлікке жетті. Ал, осы уақыт ішінде 621 жанұялық сүт фермалары іске қосылып, 2 661 бірлікті құрады.

 

  1. Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27,4 мың га көбейтіліп, 816,2 мың га жетті;
  2. 2017 жылы негізгі капиталға 229,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артты, яғни, 50 млрд. теңгеге көп. Бұл республикадағы үлесінің 5,7 % құрады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*