ОҚО-да 79 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының мектептерінде жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы (2016 ж. — 611 мың оқушы) білім алады деп күтілуде, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады. Қазіргі таңда, 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жыл басынан бері 7 мектеп тапсырылса, оның 6-уы жаңа мектеп. Ал, 1 қыркүйек күні 20 мектеп пайдалануға берілсе,  2 – уі жыл соңында тапсырылады (2018 ж.- 50 өтпелі). Осылайша, биыл 8 апатты және 12 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілетін болады. «Серпін-2050» жобасы аясында, Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстарының және Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарының жоғары оқу орындарында – 4 698 жас, колледждерде – 929 жас білім алуда. 

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында, ағымдағы жылы 966 маманға 153,8 мың теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы қарастырылып, бүгінгі таңда 673 жас маман жұмысқа орналасты. «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 14 457 отбасындағы 83 306 адамға 4,2 млрд. теңге тағайындалып төленді, олардың ішіндегі 17 406 еңбекке жарамды азаматтың 15 764-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл жобаны орындау бойынша өңіріміз республикада І орында.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*