«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы 2 мыңға жуық жобаны қаржыландырған

Оңтүстік Қазақстан облысында 2006 жылдан бері жабылған халықаралық маңызы бар «Ташкент — Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдария» өткізу пункті  қайта пайдалануға беріліп отыр. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, оңтүстіктің дамуына үлкен серпін бермек. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи-мәдени маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынғаны да айта кеткен жөн.Индустрияландыру картасы бағдарламасы аясында облыста жыл басынан бері құны 1,7 млрд. теңге болатын 3 жоба іске қосылып отыр. Бұдан бөлек тағы жылдың соңына дейін 14 жоба жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, 2017 жылы «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 11,3 мың кәсіпкерге көмек көрсеткен. Ал, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы күні бүгінге дейін 7% мөлшермен екі мыңға жуық жобаны қаржыландырып үлгерді. 

Мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың облыстық мәслихаттың кезекті XIV сессиясында биылғы жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар бойынша берген есебінен алынды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*