Түркістанда Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі өтті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында 2017 жылғы 12-13 қыркүйек күндері көне Түркістан қаласында Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Еуразия Жазушылар одағының қолдауымен өтетін конгреске 19 елден 30-ге жуық редакторлар мен жазушылар, көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысқанын айта кету керек.  Сонымен қатар, ірі мәдени шараның ашылуы 12 қыркүйек күні сағат 10.00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті Мәдениет орталығында өтті. Түркия, Иран, Ирак, Қырым (Украина), Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Алтай (Ресей Федерациясы), Дағыстан (Ресей Федерациясы), Татарстан (Ресей Федерациясы), Башқұртстан (Ресей Федерациясы), Кабардин-Балқар (Ресей Федерациясы), Саха-Якутия (Ресей Федерациясы), Косово, Македония, Солтүстік Кипрдан және Қазақстанның бірнеше қаласынан келген белгілі әдебиетшілер баяндама жасады. Конгресс барысында Қазақстанның латын қарпіне өту мәселесі қызу талқыға айналғанын айта кету керек.Жиын барысында, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ: «Латын әліпбиіне көшу — Сіздердің тілдеріңіз үшін жасалған игі қадам. Түркі Елдерінің ақсақалы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы тарихта алтын әріптермен орын алары сөзсіз.» деген пікір білдірді.
Сондай-ақ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуп Өмероғлу: «Қазақ елінің Латын қарпіне көшуі бастамасын құптарлық бастама. Бұл дегеніміз Түркі елдерінің бауырластығы тек тілінде ғана емес жазуында да жақындай түседі деген сөз.» — деген ыстық лебізін жеткізді.
«Түркістан — түркі мәдениетінің астанасы» мәдени жобасының аясында өткізілетін конгресс жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет және т.б. әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің қатысуы жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*