ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларымен кездесті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларымен кездесті. Қонақтардың арасында «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, «Башқұртстан қызы» журналының редакторы Гүлназ Кутуева, «Әзірбайжан» журналының редакторы Судаба Агабалаева, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы, Қазығұртkz» журналының бас редакторы Мархабат Байғұт және т.б. 19 елден 10-ға жуық әдебиет және мәдениет қайраткерлері бар.Кездесуде сөз алған облыс әкімі Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII-ші конгресінің табысты өтуімен құттықтады.«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» деген болатын. Яғни, біз ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер арасында ынтымақ-бірлігімізді арттырып қана қоймай, мәдени және экономикалық, туристік тұрғыда соны серпін аларымыз, сергек тартарымыз сөзсіз. Кешегі өткен жиында салиқалы сөздер, ұтымды ұсыныстар айтылып, орнықты ойлар ортаға салынды деп ойлаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*