Якуб Омероглы: Латын әліпбиіне көшу — сіздердің тілдеріңіз үшін жасалған игі қадам

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен Түркі әлемі әдеби журналдары редакторлары кездесуде сөз алған қонақтар Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII-ші конгресінде айтылған ұсыныстар мен қозғалған пікірлер түркі тілдес халықтардың ортақ тарихын интеграциялауға зор ықпалын тигізеді деген сенім білдірді.«Түркістан қаласында керемет басқосу өтті. Жиында Түркі дүниесіне ортақ дүниелер ортаға салынды. Соның бірі ретінде Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі талқыланды. Латын әліпбиіне көшу — сіздердің тілдеріңіз үшін жасалған игі қадам деп білемін. Түркі Елдерінің ақсақалы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр», — деді Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы.Сонымен қатар, кездесу барысында қонақтар латын тіліне көшу мәселесі туралы ойларын ортаға салып, өз ана тілдерінде бір-бір шумақтан өлең оқып бергенін айта кеткен жөн. Өз кезегінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы қонақтарға ризашылығын білдіріп, сый-сияпат көрсетті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*