ОҚО-да «Жас отбасылар мектебі» ашылды

Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан «ЖАС ОТБАСЫЛАР МЕКТЕБІ» іске қосылды. Аталған мектептің шымылдығын Кеңес Одағаның батыры, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының келіні, бүгінгі таңда Ұлт анасына айналған этнограф, жазушы Зейнеп Ахметова апамыздың ақ батасымен аштық.

суреттерді Асхат Әссанди түсірген

Алғашқы кездесуімізді бүгінгі заманның инабатты келіні, қазіргі жастардың отбасылық тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды ояту, қазақ халқының салт-дәстүрі төңірегіндегі әңгімелермен, ой-пікірлермен бастадық. Осы бір кездесуді пайдаланып, ырымдап жас келіндер ұл-қыздарының тұсауын кестіріп алды. Тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріміздің қадамы оң болсын, келешегі жарқын болсын деп Зейнеп апамыздың ақ батасын алдық.«Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы салт-дәстүр, ұлттық код, рухани және отбасылық құндылықтар сынды басты бағыттарын насихаттау мақсатында, алдағы уақытта аталмыш мектеп жастарға ғана емес, жас отбасылар мен болашақ келіндерге, отбасын құруды ниет еткен ер-жігіттерімізге де өз пайдасын тигізетін болады. Бұл жерде жан-жақты, бүгінгі таңдағы жастарға нағыз қажетті, пайдалы дүниелер болады деген жоспарымыз бар!»ЖАС ОТБАСЫЛАР МЕКТЕБІ» қандай болуы керек? Ол жерден Сіздер не күтесіздер? Кімдерді қонаққа шақырсақ болады?Осы сұрақтар аясында айтар ұсыныстарыңыз, ой-пікірлеріңіз болса ортаға салып бірге іске асыруға дайын екенімізді айтқымыз келеді» дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Береке Дүйсебеков.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*