Кентау трансформатор зауыты 12 миллиард теңгенің өнімін өндірді

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы трансформатор құрайтын өндіріс орны жылдан жылға жұмыс үдемелілігін арттырып келеді. Мәселен, осы жылдың сегіз айында Кентау трансформатор зауыты 12 млрд. теңгеге жуық өнім өндірген. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырған 50 пайызға жоғары екен. Айта кету керек  Кентаудағы трансформатор зауыты Қазақстанда электр реттегішін  жасайтын жалғыз кәсіпорын.Сонымен қатар, электроматор, генератор және траснформатор шығаратын өндіріс орны осы аралықта  10988 дана заттай тауар шығарғанында айтпай кетуге болмайды. Күні бүгінге дейін кәсіпорын өндірілген өнімнің 40 пайызын шетел асып экпортқа жөнелтіліп жатыр. Атап айтқанда, Ресей, Қырғызстан, Өбекстан және Тәжікстан елдерінен трансформаторларымызға деген сұраныс жоғары. Мүнан бөлек, зауыт өнімдерінің негізгі тұтынушыларының қатарында «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы, «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы,  «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Ұлттық компаниясы сияқты алпауыт мекемелер мен Орта Азия мемлекеттері бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*