Кентау трансформатор зауытында мыңнан астам адам жұмыс істейді

Оңтүстіктегі Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауытында бүгінгі таңда 1011 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді. Айта кету қажет олардың көбі жастар.Бүгінгі таңда электр қуатын реттегіш жасайтын кәсіпорын жанынан ашылған колледждің 500-ге жуық студенті дуальды жүйемен осында мамандығын толық меңгереді. Бұл өз кезегінде білім сапасын арттырып, студенттердің практикада мол тәжірбие жинап, білікті маман болып шығуына зор мүмкіндік береді.  Өз кезегінде білікті маман-ол зауыттың жарқын болашағының кепілі. Мамандар сауатты кадр даярлаудың арқасында өндіріс орнында жұмыс өнімділігі артып, сапалы тауар шығарылуда дейді.

Кәсіпорынды жаңа техникамен жарақтандырылуға және жаңа өнім шығаруға зауыт басшылығы әрдайым басымдық береді. Сонау Кеңес Одағы тұсындағы жабдықтар қазір таңда жарамсыз халге түскенін айта кету керек. Сондықтан бүгінде трансформатор зауыты құрылғалы бері мұндағы технологияның барлығы түгелімен жаңаланған екен. Осыған сай, өндіріс көлемі 20 жылда 20 есеге өсіпті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*