ОҚО-да қырық мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту арқылы облыстың деңгейін көтеремек. Әкімдіктің кезекті селекторлық жиынында көтерілген өзекті мәселелердің бірі де осы болғанын айта кету керек.Жиында сөз алған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев  облыста осы жылы 53,7 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары 38413 орын екенін атап өтті.

Мұнан өзге оның айтуынша, мамандар тапшылығын реттеу мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде өңірде 4 584 адам техникалық және кәсіптік білім алып жатса, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 9682 адам 89 мамандық бойынша жолданды.

Сонымен қатар, баяндамашыны тыңдаған әкім басқарма басшысына 15 мамандық бойынша қажеттілігіне сай, ауыл тұрғындарын оқытып, кәсіпке бейімдеуді айтты. Алдымен, ауылдық округ деңгейінде атқарылатын жұмыстар, одан соң аудандық дәрежеде жүзеге асырылуы тиіс деді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*