ОҚО-ғы ауыл тұрғындары 15 мамандық бойынша кәсіби білім алмақ

Оңтүстікте ауыл тұрғындары қажеттілігне сай 15 мамандық бойынша білім алатын болады. Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиев, облыс әкімдігінде өткен селекторлық мәжілісте мәлімдеді. «Аталған 15 мамандық бойынша, яғни, токарь, темір ұстасы, ағаш ұстасы, электрші, сантехник, шаштараз сынды мамандықтарға бейім азаматтарды ауыл әкімдері тауып беруі керек. Бұл жоба нақты жүзеге асқанда азаматтар жұмыспен қамтылып, ауылдағы өмір сүру жағдайы қала өркениетіне бейімделер еді. Осылайша, ауылдағы тұрмыс-тіршілікті жақсарту арқылы облыстың деңгейін көтеретін боламыз»,-деді Ж.Түймебаев.

Ауыл тұрғындарының кәсіби мамандануынан бөлек, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жайында назардан тыс қалдырмаған аймақ басшысы әрбір аудан орталығы мен ауылдық округтерде ангар типті спорт алаңшаларын салу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ол модульді спорт кешендерінің құрылыс жұмыстары Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жерге тағзым» аясында ел азаматтарын шақыру арқылы жүргізу керектігін еске салды.

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында аймақтағы елді мекендер мен көп қабатты үйлердің аулаларында жыл басынан бері 57 спорт алаңшалары  пайдалануға берілсе, оның 20-ы демеушілер есебінен салынған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*