ОҚО-ның Астанада өткізген бизнес-форумында 6 меморандумға қол қойылды

Астана қаласында  Оңтүстік Қазақстан облысының күндері  аясында  «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты  бизнес-форум.болып өтті.Форум жұмысына ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев бастаған даму институттары мен екінші деңгейлі банктер мен кәсіпкерлерден құралған  150- ге жуық адам қатысты. Бизнес-форум барысында өңірдің инвестициялық жобалары, инвест преференциялар мен туристік өнімдердің таныстырылымы өтті. Кездесудің басты мақсаты — Оңтүстіктің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыра отырып, өңірге инвестиция тарту. Осы арқылы облыс экономикасын дамыту және туристерді көптеп шақыру.Оңтүстік Қазақстан облысы — экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан өңір екенін айтқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аймақ Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерін байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқанын, соның нәтижесінде шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келетінін жеткізді.

«Өздеріңізге белгілі, әлемде сапалы азық-түлік өніміне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Тұтынушы сапа мен қауіпсіздікті талап етеді. Бұл тұрғыда Қазақстанға Ресей, Қытай, Иран және басқа да елдер секілді жаңа нарық ашылуда. Осы нарықты игеруде Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуеті зор. Себебі, тарихи өлкенің аграрлы саласы жақсы дамыған.  Соңғы 3 жылда жиналған бақша өнімдерінің көлемі 1 миллион тоннадан асып түседі. Қазақстандағы жылыжайдың 90 пайызы біздің өңірде орналасқан. Мақта толығымен, ал жүзім мен бақша өнімдерінің 70 пайызы осы облыста өсіріледі»,-деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*