ОҚО-ға 230 миллиардқа жуық инвестиция тартылған

Астанада өткен «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты  бизнес-форум аясында сөз алған «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары  Мейіржан Майкенов  Қазақстанның инвестициялық климаты жөнінде баяндама жасады.Бизнес-форум аясында 6 меморандумға қол қойылды. Солардың алғашқысы боп  «Шымкент» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» Акционерлкционерлік қоғамы Қытайдың Аньхой провинциясы халықаралық сауда қатынасын дамыту комитетімен екіжақты түсіністік жөнінде меморандумға қол қойды. Сондай-ақ дәл осы компания «НГ-Энерго» ААҚ-мен әріптестік арттыру жөнінде келісімге келді. Екі тарап алдағы уақытта  өзара қарым- қатынасты дамыта түспек.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды –иновациялық даму және туризм басқармасы мен «POWER LANDMARK HOLDINGS LTD» компаниясы арасында өзара келісімге келіп, инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде меморандуға қол қойды.

Айта кетейік, жалпы облысқа осы жылы 229,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға өсіп, республикадағы үлесінің 5,7 % құраған. Өңірге көптеп инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде БАӘ – медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елімен – Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауытын салу, ал Қытай елімен бірлесе биоэталон, фосфор тыңайтқышын  шығаратын және 200 МВт күн электр станциясы құрылыстарын жүргізу бойынша келісімдерге қол қойылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*