Оңтүстікқазақстандықтар Астанада Елбасы туралы қос кітаптың тұсауын кесті

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясындағы аймақ ақын-жазушыларының шығармашылық кездесуі өтті. Онда  Елбасы туралы «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты екі кітаптың тұсауы кесілген болатын. «Рухани жаңғыру — болашақтың кепілі» атты іс-шараға бас қаладан мейман ретінде белгілі тұлғалар Оразкүл Асанғазы, Ғарифолла Есім, Мырзагелді Кемел, Қалқаман Сарин, Гүлғайша Сағидоллалар қатысса, күнгейлік рухани топтың басы-қасында Еркінбек Тұрысов, Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқара, Әселхан Қалыбекова, Бақытжан Алдияр, Дәурен Айманбетов және Мұқағали Кенжетайұлылар қатысты. Кешті ақын Қабылбек Төретай жүргізіп отырды.Сонымен, «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабы жайлы толығырақ тарқатсақ. Бұл — бөлекше бітімді, мазмұны мен маңызы өзгеше туынды. Шынында да жаһан жан–жақтан таныған, күллі жер жүзі кемеңгерлер ретінде мойындаған, адамзаттың, әлемдегі мерейлі мемкеттердің тағдыры мен тарихында теңдессіз рөл атқарған және атқарып келе жатқан жарқын да жасампаз тұлғалар бейнеленген. Жеті алып та – айрықша алыптар. Қайталанбас құбылыстар. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Уинстон Черчилль, Мустафа Кемаль Ататүрік, Шарль Де Голль және Ли Куан Ю. Кітапта «Ғибрат ғұмыр үздіктері» деген тақырыппен титан тұлғалардың әрқайсысына мәнісі терең мінездемелер берілген. Әрине, олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. Авторы Абай Ескендіров 656 беттен тұратын бұл кітапты 4 жылда жазып шыққан.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*