ОҚО-да жарық көрген Елбасы жайлы қос кітапта не жазылған?

«Жаһан таныған жеті тұлға» кітабы жайлы толығырақ тарқатсақ. Бұл — бөлекше бітімді, мазмұны мен маңызы өзгеше туынды. Шынында да жаһан жан–жақтан таныған, күллі жер жүзі кемеңгерлер ретінде мойындаған, адамзаттың, әлемдегі мерейлі мемкеттердің тағдыры мен тарихында теңдессіз рөл атқарған және атқарып келе жатқан жарқын да жасампаз тұлғалар бейнеленген. Жеті алып та – айрықша алыптар. Қайталанбас құбылыстар. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Уинстон Черчилль, Мустафа Кемаль Ататүрік, Шарль Де Голль және Ли Куан Ю. Кітапта «Ғибрат ғұмыр үздіктері» деген тақырыппен титан тұлғалардың әрқайсысына мәнісі терең мінездемелер берілген. Әрине, олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. Авторы Абай Ескендіров 656 беттен тұратын бұл кітапты 4 жылда жазып шыққан.Ал «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих» — «Личность. Независимость. История» кітабы үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыдағы «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте гі кездесулері сәтті суреттерімен  әңгімеге арқау болған. Ал үшінші бөлімде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға таяудағы оңтүстік өңіріне жасаған сәуірдегі сапары да енгізіліп отыр. Кітап екі тілде шыққан. Екі кітап та «Қазығұрт» баспасынан басылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*