Ассамблея мүшелері мемлекеттік тілдің латын графикасына өтуін қолдайды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында мемлекеттік тілдің латын графикасына өту жайы талқыланды.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында өткен кеңестің отырысына кеңес мүшелері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ пен облыстық мәслихаттағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшілері мен белді өкілдері қатысты. Кеңес отырысын Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов ашып жүргізді.
Ол өз сөзінде күні кеше ғана мемлекеттік тілдің латын графикасына өтуі бойынша парламенттік тыңдау өткенін хабарлап, бұл мәселе бойынша жалпыхалықтық талқылау жүргізу бойынша шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Қазақ тілінің латын қарпіне өтуі заман талабы мен өркениет сұранысы екендігін айтып, байыпты бастаманың негізгі артықшылықтарына кеңінен тоқталды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша пікір білдіруге шақырды. Жиналған ұсыныстар мен пікірлер екшеленіп, тиісті органдарға ұсынылатынын хабарлады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*