Бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып, мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда.Еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы да осы тақырып төңірегінде «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып отыр. Басқосуға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жобалау кеңсесінің жетекшісі, Облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Әшірбаев Бақытжан Айдарханұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, т.ғ.д., профессор Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы бастаған ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.Жиынды оқу орнының ректоры Ж. Мырхалықов жүргізіп, университетіміздің «Филология» факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Тілеубердиев Болат Мақулбекұлы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Қалшабеков Ақжол Батырұлы, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Әліпов тақырып төңірегінде сөз сөйлеп, баяндама жасады.Студент жастарының атынан сөз сөйлеуге Түркменістан Республикасының азаматы, ОҚМУ-дың 3-курс студенті Хамраев Алишер жазылып, — Латын әріпіне көшу көптеген мүмкіншіліктерді ашады, олардың бірі ағылшын тілін тез әрі оңай үйрену, әлемдік ғылымға жол ашу- деп, өз ойын білдіріп өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте 6853 адам сұранысқа ие кәсіптер бойынша қайта даярлау курстарынан өтеді
Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Әсия Темірбаева басқарма басшысы түстіктің тілшілеріне биылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асырылу барысын баяндады. […]
Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін биіктерге жеткізетініне сенеміз
Өздеріңізге белгілі алдағы жылдарда қазақ әліпбиіне түбегейлі реформа жасалғалы жатыр. Бұл мәселе бүкіл Қазақстан жұртшылығын алаңдатып, басқа да көршілес мемлекеттердің назарын аудартып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылы 3 шілдеде «Қазақстан — 2050» Стратегиясы […]
Н.Романова: Өмірдің өзі латын таңбаларына өтуге мүмкіндік беріп отыр
Бүгінгі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында қоғам үшін өзектілігін жоймаған мәселелер мен бірлесе атқаратын ауқымды жұмыстардың жай-жапсары ассамблеяның диалог алаңында кеңінен талқыланды. Еліміздегі жүзден астам этностың басын біріктіріп отырған ассамблея қашанда халықтың көкейінде жүрген […]
Пікір қалдыру