ОҚО әкімі: Тұрғын үй салу арқылы аудан әкімінің индикаторлары бағаланады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы тұрғын үй салу арқылы аудан әкімдерінің индикаторлық көрсеткішін бағалайтынында атап өтті.

Сонымен қатар, бүгінде өңірімізде білікті педагог мамандарға сұраныс өте жоғары. Аудан, қалаларда кей пәндер бойынша мұғалімдердің жетіспейтіндігі анықталып отыр. Нақтырақ айтқанда, өңіріміздегі білім ошақтарында сексеннен астам пән бойынша дәріс беретін кадрлар керек. Жиында сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов өңірдегі 15 аудан, қала әкімдіктерінен және салалық басқармалардан 87 мамандық бойынша 14374 орынға сұраныс келіп түскенін мәлім етті.«Жас мамандардың көптеп ауылдарға оралуы, мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан «Жастар практикасы» мен «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының нәтижесінде ауылдық жерлерде кадр жетіспеушілігі  оң шешімін табуда десек те болады. Алайда шалғай жерлерде орналасқан мектептердегі маман тапшылығы әлі де өткір мәселелердің қатарында.  Мәселен, оқу жүктемесінің аз болуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуіне байланысты педагогтар ауылдарға барғылары келмейді»,-деді басқарма басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*