Дихан Қамзабекұлы: ОҚО-да Еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда жүйелі жұмыстардың жасалынып жатқанын байқауға болады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы барысында атқарылған жұмыстарға қаныққан Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универсиеті ректорының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы жайында сөз қозғады. Ол сондай-ақ,  республика көлемінде қолға алынған жобалық менеджмент жұмысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық сананы жаңғырту жобалық кеңсесі тарапынан жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.«Бүгінде еліміздің басқа аймақтарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан облысында жүйелі жұмыстардың жасалынып жатқанын байқауға болады. Осы ретте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен бірқатар игі істер қолға алынып жатқанына қанықтық. Өңірлік  Жобалық кеңсе жұмысы да жолға қойылғанын байқау қиын емес» ,- деді Дихан Қамзабекұлы.

Мұнан соң сөз алған Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Отырар» кітапханасы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор Тұрсын Жұртбай ұлыстың ұйытқысына айналған Оңтүстіктің жақсы қасиеттері жайлы пайымды пікірін білдірді.

Жиын барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанынан құрылған жобалық кеңсе қызметкерлері қонақтарға бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру бойынша өздерінің ұсыныс, пікірлерін жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*