Оңтүстіктегі «Химфармның» дәрілері 5 елге экспортталады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы  дәрі-дәрмек өндіретін, ғасырдан астам тарихы бар «Химфарм» зауытының өндіріс қоржынында терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фарамацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқа¬лық 200-ден астам дәрі-дәрмек барекенін айта кету керек. Сонымен қатар, компания өз өнімдерінің 90% ішкі нарыққа жеткізсе, 10%-ын бес елге экспорттайды. Яғни, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия және Түрікменстан.         Бұған қоса Польфарм компаниясы фармацевтикалық өнімдердің жаңа түрлерін жаңғырту және өндіру мақсатында «Химфарм» АҚ-на 100 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция құйғанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта компания дәрі-дәрмектер өндірушілердің арасында жетекші орын алап отыр. Және де отандық дәрі-дәрмектер нарығының 40 пайызын, ал еліміздегі жалпы дәрі-дәрмектер нарығының 4 пайызын қамтып отыр екен.

Айта кетейік, 2016 жылы Польша Республикасы мен Оңтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналым 13,3 млн. АҚШ долларын құраса, жыл басынан бері тауар айналым 8,5 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*