ОҚО-да инвесторларды тарту бойынша аймақтық кеңестің отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өңірдегі инвестициялық жағдайды жақсарту мен инвесторларды тарту бойынша аймақтық кеңестің отырысы өтті. Облысқа инвестиция тарту және бүгінгі жағдайды талқылау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға аймақтық кеңестің мүшелері, жұмыс істеп тұрған және әлеуетті инвесторлар мен өңірдің ірі кәсіпкерлері қатысты.Өңірге инвестиция жұмылдыру бойынша жыл басынан бері шетелдік инвесторлармен 40-тан аса іскерлік кездесу ұйымдастырылғанын айтқан аймақ басшысы жыл басынан бері облысқа 229,9 млрд. теңге болатын инвестиция тартылғанын жеткізді.

«Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көрсеткіші 131,5 пайызға артқан. Бұл республикадағы үлесінің 5,7 пайызын құрап отыр.  Биыл  Біріккен Араб Әмірлігімен медициналық бұйымдар мен препараттар шығару зауытын салу, Ресеймен бірге Евро-5 талабына сай жанармай шығаратын мұнай өңдеу зауытын салу келісімдері түзілді. Оңтүстік өңірі мұнымен қоса Қытаймен бірге биэтанол, фосфор тыңайытқыштары мен қуаты 200 МВт күн электр станциясын салмақ»,-деді  Жансейіт Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*