ОҚО мемлекеттік-жекеменшік жобаларды жүзеге асыруда көш бастап тұр

Елбасымыз Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесіне көңіл аудару қажеттілігін атап өткен болатын. Осыған орай  Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жалпы құны 9,3 млрд теіңгені құрайтын 13 жобаны  жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгін бұл туралы өңіріміздегі меллекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан нысандарға ұйымдастырылған пресс тур барысында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқарамасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.Тілшілер тобы ең алдымен Шымкент қаласындағы 350 орындық балабақша мен «Қайтпас-1» мөлтек ауданындағы 500 орындық қалалық емхананың құрылыс барысымен танысты. Мұнан соң тілшілер  Түлкібас ауданындағы 100 орындық балабақшаға аялдады.  Аталған нысандар  мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында   бой көтеруде.

Айта кетейік, бүгінде мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында  облысымызда 13 жоба  іске асырылуда. Бұл жөнінде облысымыз республикада алдынғы қатарда тұр. Оның 8-і білім, 3-уі спорт, 2-уі денсаулық сақтау саласында жүзеге асып жатыр. Бүгінде аталған 13 жобаның 8-іне конкурсы жарияланып, 20 жобаның тиісті құжаттары әзірленуде. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*