Шымкенттегі бірнеше емхана инвесторлардың есебінен жөнделмек

Жуырда ғана Шымкент қаласындағы жедел жәрдем стансасын модернизациялау жобасын іске асыру мақсатында шетелдік инвестормен келісім-шарт түзілген болатын. Жалпы түзілген келісім-шарт саны бойынша облыс республикада алдынғы қатарда тұр.Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы Шымкент қаласында онкологиялық орталық құрылысы, Шымкент қаласындағы 200 орындық оңалту орталығының құрылысы, «Қауіпсіз қала», Шымкент және Түркістан қалалаларының көшелерін жарықтандыру және тағы басқа жобаларын іске асыру жоспарлануда.

«Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында инвесторлар тарту ісі жанданып келеді. Бұл ретте шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің де қызығушылығы басым болып отырғанын айта кету керек. Осы тетік арқылы біз бюджет қаржысын үндемдеп қана қоймай, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік аламыз», — дейді Арман Сәбитұлы.

Жалпы, мемлекеттік-жекешелік әріптестігі – бұл қоғамдық маңызды жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестицияларды тарта отырып,  тиімді басқаруға, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік қызметтерді жеке секторға беруге бағытталған мемлекет пен жеке бизнес арасындағы ынтымақтастық болып табылады. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*