Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көрші елге жасаған сапары аясында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге 500-ден астам қос елдің кәсіпкерлері қатысты.Сонымен қатар, Ташкент қаласында өткен бизнес-форум шеңберінде Қазақстанда өндірілетін өнімдерінің көрмесі өтті.Өзбекстан астанасында кеше басталған көрмеге 90-ға жуық отандық компанияның өнімдері қойылған. Қазақстандық тауарөндушілер көрмеге тамақ және өнеркәсіп, инженерлік, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары мен химия, металлургия IT салаларындағы 500-ден астам өнімдерін әкеліп отыр.«Өзэкспоорталық» көрме кешенінде өтіп жатқан көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ірі кәсіпорындарының өнімдері қойылды. Атап айтқанда, кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» фабрикасы, ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшылардың қатарындағы кәсіпорынның бірі «Алтын Дән» ЖШС-гі, жылына цемент өндіретін «Шымкент цемент» және «Стандарт цемент» зауыттары мен ТМД-да бірінші ашылған вакумдық пробиркалар мен екіжақты ине шығаратын «ЭкоФарм Интернешнл» компаниясы мен терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фарамацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден астам дәрі-дәрмек шығаратын «Химфарм» зауыты, медициналық жабдықтардың 17 түрін шығаратын «Marai E7 Group» ЖШС-нің өнімдері қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
«Алтын күз-2017» мерекесінде Көкмарданның шаруалары мен кәсіпкерлері марапаттарға ие болды
Отырардағы Көкмардан ауылының дихандары Серік Дәуренбеков пен Үсен Әлшері жүгері мен бақша өнімдерін өндірді қолға алса, еңбекте үздік болған Ерғали Расулаев «Озат механизатор», Күлшат Сұлтанова «Үздік кәсіпкер» атанғандарын айта кету керек. Сонымен қатар, Осындай биіктерді […]
Кәсіпкерлер мен инвесторларға жол ашық
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау […]
Сайрамдық кәсіпкер мемлекет қолдауының арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр
Шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту – ел экономикасын еселеуде үлкен маңызға ие. Әлеуметтің әлеуетін жандандырып, жұмыссыздықты азайтуға алаңдаған Үкімет маңызды жобаларды баса назарға алып отыр. Соның бірі Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының «Ауылда […]
Пікір қалдыру