Оңтүстіктегі «Газпромнефть — Битум Қазақстан» компаниясының тәуліктік өнімділігі 30 пайызға артқан

Айта кету керек, зауыт өткен 2016 жылмен салыстырғанда, тәуліктік өнімділікті 30 пайызға ұлғайтып, оның көлемі 700 тонна тұтқыр затқа жетті. 2017 жылдың нәтижесі бойынша зауыт жұмысшылары 200 мың тонна битумдық материал өндіруді жоспарлап отыр. Ал Қазақстанда битумдық өнімді тұтынудың жыл сайынғы көлемі – 550-650 мың тоннаға жуық.«Битумдық материалдардың жоғары сапасы мен логистикалық артықшылықтарына орай, «Газпром нефть» ЖШС-і жұмыс істеген 5 жыл ішінде Қазақстан нарығында танымал ойыншыға айналды. Өзіміздің Ресей алаңдарында битумдық материалдардың технологияларын әзірлеу мен өндіруде көпжылдық табысты тәжірибеге ие бола отырып, біз Қазақстанда активтерді тиімді басқару үшін үздік жетістіктерді белсенді қолданып келеміз. Жоғары сапалы битумды өндірумен қатар, орап-түю торабын дамыту бізге шалғай орналасуына қарамай, Қазақстан мен оған жақын орналасқан елдерде тұтынушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — дейді «Газпром нефть» ЖШС дирекциясының коммерциялық директоры Леван Кадагидзе.«Бұл Қазақстанда битумдық зауыттың технологиялық процестерін жаңғырту бағдарламасының маңызды кезеңі. Оны іске асыру Қазақстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда және басқа елдерде контрагенттерді қамтамасыз ету үшін жылына қосымша 15 мың тонна өнімді орап-түюді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зауыттың географиялық орналасуы қазақ жол-құрылыс саласы үшін, сондай-ақ шетелдік тұтынушылар үшін битумдық материалдарды жөнелтуге мүмкіндік береді», — дейді ОҚО Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқарма басшысының орынбасары Қанат Сыдықов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*