ОҚО-да қытайлық инвесторлар электропанельдер шығармақ

Оңтүстік Қазақстан облысында салынатын күн электр стансасы жобасын жүзеге асыруға жергілікті жас мамандар тартылмақ. Қытай кәсіпкерлерінің айтуынша, күн электр стансасының құрылысына қатысатын жас энергетиктер болашақта оны қосуда қиналмайтын болады екен.Инвесторлардың бұл ұсынысына қолдау білдірген өңір басшысы жергілікті билік тарапынан жер телімі бөлініп, қосымша жеңілдіктер қарастырылатынын жеткізгенін айта кеткен жөн.

 «Жобаларыңыз көңілге қонымды. Өйткені, біздің өңірдің табиғаты күн сәулесінен электр жарығын өндіруге өте қолайлы. Сондықтан  екі тарапқа да тиімді жобаны тездетіп іске асыру қажет. Қажетті жер телімін бөліп беріп, қажетті қолдауларды көрсетуге әзірміз», — деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.

Сонымен қатар, қытайлық кәсіпкерлер мұнан бөлек, тағы бір ұтымды ұсыныс айтты. Яғни, аспан касты елінен келген инвесторлар   электропанельдер шығару ісіне де мүдделі болып отыр. Бұл ретте олар еліміздің «Жасыл экономикалық» ұстанымына қолдау білдірмек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*