ОҚО Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырды

Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында «ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесіне  арналған  ауылшаруашылығы  өнімдерінің  жәрмеңкесі басталғанын айта кеткен жөнЕкі күнге жоспарланған шарада оңтүстікқазақстандық тауар өндірушілер  жалпы құны 265 млн теңге болатын өнім өткізбек. Оның ішінде ет және ет өнімдері 104 тонна, көкөніс 188 тонна, сүт өнімдері 54 тоннаны құрайтынын айта кету керек. «ЭКСПО» қонақтары дәмі тіл үйірер Шардараның қауын-қарбызы, Түлкібастың алмасы мен Сарыағаштың қызанағынан дәм татса, ал жәрмеңкеге барған шаруалар өнімдерін сатып қана қоймай, халықаралық шараны тамашалауға мүмкіндік алып отыр.«Бүгінгі шараға оңтүстік шаруалары ерекше дайындықпен келді. Мұндағы бағалар базардағыдан 20-25 пайызға арзан босатылуда. Келушілердің басым көпшілігі ет және сүт өнімдеріне қызығушылық танытуда. Жәрмеңкенің ең басты ерекшелігі ретінде мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің табиғи тазалығын айтсақ болады», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*