Бүгінге дейін оңтүстікте 762 мың тонна көкөніс жиналған

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында оңтүстік шаруаларының 5-ші жәрмеңкесі өткізгені естеріңізде болар.  Негізгі тәртіпке сай отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке түрінде ұсынылғанын айта кету керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы ЭКСПО көрмесі аясында 6 рет жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарласа, осы аралықта Елордаға 12976 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері тасымалданбақ. «Бүгінгі шараға оңтүстік шаруалары ерекше дайындықпен келді. Мұндағы бағалар базардағыдан 20-25 пайызға арзан босатылуда. Келушілердің басым көпшілігі ет және сүт өнімдеріне қызығушылық танытуда. Жәрмеңкенің ең басты ерекшелігі ретінде мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің табиғи тазалығын айтсақ болады», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов.

Биыл облысымызда егіс көлемі 20,7 мың гектарға артып, 809,5 мың гектарды құрады. Табиғаттың қолайлығына байланысты биыл өңір шаруалары мол өнім алуда. Мәселен, бүгінгі күнге облыс бойынша 762 мың тонна көкөніс, 1 млн тоннадан астам бақша дақылдары мен 208 мың тонна картоп жиналды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*