Шымкенттегі Сәуле шағын ауданында жаңа мектеп қолданысқа берілді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласы «Сәуле» шағын ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген №129 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, Білім күнімен барша ұстаздар мен шәкірттерді құттықтады.«Бұл күн – жаңа оқу жылына, жаңа жетістіктер мен табыстарға бастау беретін күн. Білім беру ісі – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, бір күн немесе бір жылда көрінбейтін ғаламат құндылық. Ал, осы бір ұлы құндылықты бойға сіңіретін тұлға – мұғалім. Яғни сіздерсіздер, құрметті ұстаздар! Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласында білім мен ғылымды жетілдіру, жас ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне баса көңіл бөлгені баршаңызға белгілі. Сондықтан да Сіздерге, жүктелер міндеттің салмағы да басым», — деді әкім.

Тоғыз мың тұрғыны бар «Сәуле» шағын ауданында бой көтерген жаңа мектеп 1200 балаға шақталған. Үш ауысымда білім беріліп келген мектепте бүгінде оқушы саны 1350-ді құрайды. Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын типтік оқу орны 3 қабаттан тұрады. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша салынған мектепте химия, физика, биология лабораториялары, мультимедиялық-лингофондық кабинеттер мен компьютер сыныбы, кітапхана, мәжіліс және оқу залы бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*