ОҚО әкімі «Достық»,»Қайнарбұлақ» шағын аудандарындағы жаңа мектептерді аралап көрді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, «Достық», «Қайнарбұлақ» шағын аудандарында осы күні ел игілігіне берілген 1200 орындық мектептерді аралап көрді. Білім ордасының жұмысымен танысқан аймақ басшысы оқушылардың еңбекке баулу кабинеттеріндегі ерлерге арналған шеберханалар мен қыздардың тігін цехімен танысты. Сондай-ақ, саз балшық шеберханасында да болды.Ж.Қансейітұлы ұзтаздармен болған әңгімеде шәкірттерді жалпы білім алудан бөлек, оқушыларға тереңдетіп білім беріп, түрлі кәсіптік білім беру мамандықтары – тігін тігу, темір ұстасы шеберханасы, қолөнер жасау сынды үйірмелер аясында арнайы куәліктер беру жағын ойластыру қажеттігін еске салды. Бұл ретте, облыс басшысы Елбасының жастарды кәсіптік білім алуға көптеп бағыттау тапсырмасы аясында берілген осынау куәліктердің артықтық етпейтінін ескертті. Әсіресе, балалар тәрбиесіне алаңдаған әкім мектеп пен үйдің арасындағы байланыс үнемі ұштасып, ата-анамен арадағы қатынасты бекемдеу арқылы тәрбие, тазалыққа қатысты бірлескен жұмыстардың ұйымдастырылуы керектігін айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*