ОҚО әкімі Құрбан айт күні балаларды қуанышқа бөледі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы көпбалалы отбасының шаңырағы мен қаладағы №3 балалар үйінде болып, балаларға мектепке қажетті құралдар толтырылған сөмкелерді сыйға тартты.         Ең алдымен облыс әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтап 10 баланы тәрбиелеп отырған Ералиевтердің отбасына барып, мектепке баратын жеті баласына сабаққа қажетті заттар мен үлкен теледидар тарту еткенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, өз сөзінде аймақ басшысы қасиетті мереке күні отбасыға бейбітшілік пен татулық, амандық және құт-береке тілеп,  балаларға Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Мұхтар Әуезовтың мұраларын жалықпай оқып, білімді де тәрбиелі азамат болып өсуін айтты.

Нұрболат пен Гульфайруз ата-апасымен бірге 10 ұл-қызды тәрбиелеп өсіруде. Оның сегізін батыр ана өзі дүниеге әкелсе, сонымен қоса, бауырының жетім қалған екі баласын бауырына басқан. Ералиевтердің үлкені 22 жаста, ал кішкентайы 1 жас 3 айға толып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*