Созақта Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» ән байқауы болып өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығына, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне, «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы Созақ ауданында өтті.Аталған дәстүрлі байқау 1992 жылдан бері Шымкент қаласында өткізіліп келсе, былтырғы жылы облыстық мəдениет басқармасы, Отырар ауданы əкімдігінің бастамасымен тұңғыш рет Ш.Қалдаяқовтың туған топырағы Отырар ауданында ұйымдастырылған болатын. Шəмші өскен өңірден бастау алған бастама Созақ ауданында жалғасын тапса, келесі жылы Төлеби ауданында өткізу жоспарлануда.
Байқаудың мақсаты — композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын, оның ішінде туған жерге арналған патриоттық әндерін насихаттап дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап кәсіби бағдар беру, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету, әншілердің орындау шеберліктерін арттыра отырып, оларға қолдау көрсету және отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*