ОҚО-да «Достық» клубының кезекті кездесуі өтті

Шымкент аграрлық колледжі жанындағы «Достық» клубында облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен студенттердің кездесуі өтті.
«Рухани жаңғыру – заман талабы» тақырыбында өткен жиынға қатысушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылап, сыр-сұхбат құрып, ой бөлісті.
Басқосуда сөз алған Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак латын графикасына көшудің маңыздылығына тоқталды.— Елбасының бағдарламалық мақаласы — бізге жаңа мүмкіндіктер ашып, мәңгілік ел болуға бастайтын маңызды құжат. Мақалада басым бағыт ретінде көрсетілген латын әліпбиіне көшу — еліміздің алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне үлес қосары сөзсіз. Жаңа әліпби – заманауи технология тілімен үндес. Сондықтан латын қарпіне көшу – уақыт талабы. Көшбасшы мемлекеттермен иық тіресіп, жастарымыз бәсекеге қабілетті болу үшін уақыт көшінен қалмауы тиіс, — деді Роза Викторқызы.
Жиын барысында облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов латын әліпбиіне көшу бастамасы түбі бір түркі дүниесінің мәдени, ғылыми, экономикалық байланысының нығаюына мол мүмкіндік беретінен айтты. Сонымен бірге, өзара ынтымағымызды сақтап, елдің бірлігін нығайтудың маңызына да тоқталды.
Кездесу соңында қонақтар студенттердің сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта жиі жүздесіп тұруға уағдаласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*