ОҚО-да «Серпін 2050» бағдарламасы бойынша 800 мектепте кездесулер өткен

«Серпін-2050» бағдарламасы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін облысымыздағы «Жастар ресурстық орталықтары» ауылдық жерлердегі 800-ге жуық жалпы білім беретін мектептердегі бітіруші түлектермен кездесулер ұйымдастырылған. Нәтижесінде педагогикалық мамандықтар бойынша 12 жоғары оқу орынына, техникалық, ауылшаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша 22 жоғары оқу орындарына 8 мыңға жуық талапкерлерден құжаттар қабылданып, ұлттық тестілеу орталығына жолданғанын айта кеткен жөн.Қазіргі таңда еліміздегі «Серпін-2050» жобасы тегін білім алуға үлкен мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның саяси маңыздылығын аудан, қала басшылары жақсы түсініп, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруы қажет. «Серпін -2050» жобасы мен халықты солтүстікке өз еркімен көшіру бағдарламасын біріктіру мәселесін ойластырған жөн. Ол үшін мониторинг жұмыстарын жандандырып, нақты ұсыныстар әзірленсін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиынды қорытындылыған өңір басшысы оңтүстіктен солтүстікке көшіп барған отбасылардың балаларын да «Серпін» жобасымен білім алуына ықпал етіп, жұмыспен қамту мәселесін назарға алуды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*