ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Өзбекстанның үш облыс әкімімен меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапарының аясында маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өзбекстан елімен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл сапардың орны ерекше болды. Сондықтан да қазақстандық ресми делегацияның құрамында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевта қатысты. Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында әріптестік байланыс арта түсті. Мәселен, биылдың өзінде бекеттер ашылып, екі елдің арасында жаңадан поезд бен автобустар қатынап, кедендегі бірқатар акциздік төлем алынып тасталды.

Бұл жолғы Мемлекет басшысының жұмыс сапырында да  10 маңызды құжатқа қол қойылды. Соның ішінде екі ел Президентінің қатысуымен Оңтүстік Қазақстан обылысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Ташкент облысының хокимы Бабаев Шукурулло мен Сырдария облысының хокимы Ашурматов Ойбек және Джизак облысының хокимы Исмолилов Сайфуддин арасында сауда-экономикалық және мәденигуманитарлық салалардағы өзара түсіністік туралы меморандум түзілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*