Оңтүстік кәсіпкерлері үшін Өзбекстан 32 миллион тұтынушысы бар үлкен нарық

Жыл басынан бері  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көрші елмен  қарым-қатынасты күшейту мақсатында бірқатар келіссөздер жүргізіп, іскерлік жиындар өткізді. Мәселен, Елбасының тапсырмасына сәйкес трансшекаралық Өгем өзенінен суды бірігіп пайдалану мақсатында Өзбекстан мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, ауыз су бөліп алуға келісім жасалды. Нәтижесінде, алдағы бес жылда Оңтүстік Қазақстан облысының 700 мыңға тарта халқы бар үш ауданы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.Өзбекстан күнгей кәсіпкерлері үшін 32 миллиондық тұтынушысы бар ең жақын нарық. Сондықтанда тауар айналымын арттырып, кәсіпкерлікті бірлесе дамыту мақсатында наурыз айында Ж.Түймебаев бастаған оңтүстікқазақстандық делегация Өзбекстанға ресми сапармен барған-ды. Нәтижесінде мамыр айында Ташкент тауар өндірушілерінің көрмесі Шымкентте ұйымдастырылып, оған 200-дей кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.Екі елдің қарым-қатынасын жақсарту мақсатында наурыз айында «Алматы-Ташкент» және «Самарқанд-Ташкент-Астана» бағытындағы алғашқы пойыз жолға шықты. Бұдан бөлек, шілде айында Ташкент-Термез автожолы мен «Сырдария» өткізу бекеті ашылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*