ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд. теңгеге жетеді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды.  Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Оның айтуынша, облысымыздағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 510,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға артқан. Ал, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 353,0 млрд. теңгені құрап, 2,4 пайызға өсіп отыр. Жылдың қорытындысымен кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 200 млрд. теңгені құраған.«Облысымызда жеңіл өнеркәсіп – 5,2 пайызға, машина жасау – 32,7, химиялық өнеркәсіп – 17,3, металлургия – 17,0, өзге металл емес минералдық өнімдер – 14,8, фармацевтикалық өнімдер – 12,1, тамақ өнімдерін өндіру – 8,4 пайызға артып отыр. Жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 570 млрд. теңгені құрайды деген жоспар бар», — деді Арман Сәбитұлы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*