Мақта жинау-жауапты науқан!

Бүгінде Мақтарал ауданы әкімдігі және Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Жиын-терімге дайындық, мақта қозасын сапалы дефолиациялау және оны минералды қоректендіру мәселелері бойынша» семинар-кеңес өтті. Алқалы басқосуға осы өңірдегі барлық өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтарының төрағалары, ауыл әкімдерімен жер мамандары қатысты.Таңертең шаруалар аталмыш институттың тәжірибелік мақталық алқабында болып, отандық және шет елдік түрлі мақта сорттарының салыстырмалы өсу деңгейімен танысты. Тәжірибе жүзінде «Мақтаарал-4017» сортына нитроаммофос және аммиак селитрасын нормаға сәкес ендіргенде оның тиімділігі жоғары болғанын семинарға қатысушылар көзбен көрді.

«Біздің сортаң жерлерде кальий көп, фосфор ауадай қажет. Сондықтан құрамында фосфоры басым осы тыңайтқышты тиімді пайдалануымыз керек. Өйткені, фосфор жерді құнарландырады, қозаның тамыр жаюын күшейтеді. Соның арқасында өсімдік бұтақтары бекемденіп, көсек мол салады» — деді Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы И.Үмбетаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*