Ибадулла Үмбетаев: Шет елдің қымбат шитінен гөрі өзімізде жерсінген отандық тұқымдық шитті көптеп шығарып, мол өнім алуға күш салайық

Мырзашөл өңіріндегі Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, академик Ибадулла Үмбетаев мақтаны толық жинап алу үшін алдымен қоза жапырағын дер кезінде біркелкі етіп түсіру қажеттігін атап өтті. Ол үшін дефолиацияны сапалы жүргізудің маңызы зор екенін айта кеткен жөн. Оған бесеп, жапырағы түскен соң қоза көсектері әдеттегіден екі есе жылдам ашыла бастайды. Дефолиант жасалған мақта алқабы, дәрі себілмеген алқапқа қарағанда мақта 10-15 күн бұрын ерте ашылады. Бұл өз кезегінде дихандарға ақ алтынды жауын-шашында қалдырмай жинап алуына үлкен септігін тигізбек.«Сапалы тұқымдық шит дайындау да өзекті мәселе болып тұр. Біздің институт мамандары дайындаған «Мақтаарал-4017» шитіне қазір сұраныс жоғары. Ал Қытай, Түркиядан әкелінген мақта сортының көсегі жеңіл 3,5-4 грамнан аспайды, 5-6 ғана шиті бар. Сондықтан шет елдің қымбат шитінен гөрі өзімізде жерсінген отандық тұқымдық шитті көптеп шығарып, мол өнім алуға күш салайық» -деді ИИбадулла Үмбетаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*