Мақтаның бағасы 200 теңге ге дейін баруы мүмкін

«Ақ алтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі корпорациясының президенті А.Өтенұлы алғашқы ақ ұлпаны қабылдауға кіріскендерін айтады. Биыл мақтаның түсімі, талшығының ұзындығы, шитінің сапасы ойдағыдай екенін айта кеткен жөн. Бірақ зертхана тексеруі кезінде мақтаның ластығы мөлшерден көбейіп кетуде. Себебі, терімшілер қауашақ, көк жапырақ, шөп-шаламды араластырып тереді. Сонымен қатар, биыл қол терім бағасы өте қымбат, шаруалар әр кило үшін 25-30 теңге төлеп жатыр. Ал, машина терімі әр гектарға 44 мың теңге деп белгілеп алған.Иә, қазіргі күні көпшілікті бәрінен де мақтаның бағасы қызықтырып отырғаны жасырын емес. Қазір орташа индекстер бойынша мақтаның бір тоннасы 140-тен басталып, 175-200 мың теңгеге дейін көтеріледі деген болжам бар екенін айту керек. Әрине, бұл жерде мақта бағасы Ливерпуль, долар, шит бағасына, (былтыр шиттің бір тоннасы 90 мың теңге болса, биыл 70 мың теңгеден) бәсекелестік ортаға да байланысты екені айтылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*