Ордабасыда 9 арна жөндеуді қажет етеді

Ордабасы ауданының әкімі Р.Қайыпжанов аылшаруашылық саласындағы өзекті мәселелермен танысып, бөлім басшысы Б.Дүйсембаевтың ұсыныстарын тыңдады. 2017 жылы ордабасылық шаруалар нақты 54 611 гектар егістікті пайдаға асырды. Оның ішінде 22 519 гектарға — дәнді дақылдар, 3884 гектарға — мақсары, 1077 гектарға — күнбағыс, 2811 гектарға — көкөністер, 2221 гектарға — бақша, 402 гектарға — картоп, 7057 гектарға — мақта, 14 826 гектарға жоңышқа егілді. Биылғы жылы суармалы жерді 800 гектарға ұлғайту жоспарланып, жоспар 100,2 пайызға орындалған. Бұл мақсатта алдағы уақытта Боралдай және Бадам су қоймаларының құрылысын жүргізу көзделгенін атап өткен бөлім басшысы, осы бағыттағы атқарылған жұмыстарды да тілге тиек етті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудан бойынша ағымдағы және күрделі жөндеуді қажет ететін 9 канал бар екені де айтылды. Жыл басынан бері 776, 4 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізіліп, жоспар 110,9 пайызға атқарылды. 8839 гектар жер терең қопсыту әдісімен өңделген. Ірі қара малдың басы 21 400-ге, қой мен ешкі 158 мың басқа артқан. Жылқы бүгінгі таңға 4 900 басқа көбейіп, 23 307-ге жетті.
Рашид Үсіпханұлы аудандағы суармалы жерлердің бар мүмкіндігін пайдалану үшін тиісті шаралар атқару қажеттігіне тоқталды. «Су арналарының уақытылы техникалық тазалаудан өтуі қамтамасыз етілуі керек. Шаруаларға мемлекеттік бағдарламаларды, қолжетімді несие, субсидиялау тәртібін түсіндіру туралы жүйелі кездесулер жоспарын түзу де өз пайдасын берері анық», деді аудан басшысы өз сөзінде. Сондай-ақ, түйткілді мәселелердің түйінін дер кезінде тарқату үшін барлық жағдайдың шынайы ақпаратын беруді тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*