Ордабасылық он жеткіншек оқу грантына ие болды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінің директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты С.Қуашбай Ордабасы ауданына ат басын бұрып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыдан шыққан 10 балаға оқу орнының грантын тапсырды. Орта арнаулы білім беру мекемесінің басшысы жастарға барлық жағдайдың жасалатынын, шәкіртақымен қоса, жылына екі рет жолақыға қаражат берілетінін атап өтті.Ендігі кезекте «Болашақ» колледжінің студенті атанатын жастарға тек білім алып, үмітті ақтау күтілетінін де тілге тиек етті. Өз кезегінде жастар жағы үздіксіз ізденіп, білімдерін арттырып, еліміздің қарыштап дамуына сүбелі үлес қосар маман атанып қыз ететіндерін жеткізді.

Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов бұл игілікті шараның ұйымдастырушыларына алғысын айтып, түлектерге оқуда озат болып, болашаққа сәттілік тіледі. Оқушылар өз кезегінде сенім үдесінен шығуға уәде беріп, ел игілігіне еңбек ететін білікті маман болып оралатындарын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*