Ордабасыда игерілмеген 8030 гектар жер анықталған

Оңтүстік Қазақстан облысы ордабасы ауданының әкімі РашидҚайыпжанов аудандық жер қатынастары бөлімінің жұмысын електен өткізді. Ордабасы ауданында ауылшаруашылық жер көлемі 208 662 гектарды құрайды. Егістікке тиесілі 71 273 гектардың 38 562-сы — тәлімі, 32 711 гектары — суармалы. Жайылымға 103 992 гектар бөлінген, 1490 гектарда көпжылдық қондырғылар орналастырылғанын айта кету керек.Сонымен қатар, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Ақмұратов жер түгендеу шараларының нәтижесінде игерілмеген 8030 гектар жер анықталғанын, бүгінде құжаттары жинақталып шара көру үшін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына жолданғанын айтты. Мұнан өзге, 862,77 гектар суармалы егістіктің аудандық жер қорына қайтарылғанын атап өтті.
Ордабасы ауданының әкімі Рашид Үсіпханұлы жер мәселесінде заңбұзушылыққа жол берілмеуі тиіс екенін ескертіп өтті. Бөлім басшысына қандай жағдайда да тұрғындардың жерді пайдалану құқығын сақтауды, сонымен қатар, пайдалана алмағандардан жерді кері алып, қолынан іс келетіндерге үлестіруге жұмыс жасауды тапсырғанын да айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*