ОҚО-да «Қазагрогрин» кәсіпорны топырақсыз жем-шөп шығаратын жаңа қондырғыны іске қосты

Бүгінде заман талабына сай, ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындап отырғаны анық. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін айтуға болады.

Қазіргі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазагрогрин» кәсіпорны фермерлерді мал азығымен қамтамасыз етудің инновациялық тәсілін ұсынды. Бұл жерде арпа 1 апта ішінде өсіріледі. Гидропонды мал азығының құрамында жануарларға арналған дәрумендер мен пайдалы заттар бар екені баршаңызға аян.

Сонымен қатар, 2015 жылы өңірде жұмыс жасап келетін кәсіпорын 0,5 және 1, 2 тонналық гидропоникалық қондырғыны өндіріп келсе, биыл жылына 1460 тонна шамасында жем-шөп шығаруға қауқарлы 4 тонналық жаңа қондырғыны іске қосылғанын айта кеткен жөн. Осы уақыт ішінде кәсіпорын өз қондырғыларын облыстағы төрт ірі шаруа қожалыққа орнатқан. Ал бүгінде төрт тонналық жаңа қондырғыны «Атамекен» шаруа қожалығына орнатуда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*