Оңтүстікқазақстандықтар Астанадағы этноауылда 300 келі палау басты

Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Шара барысында Құрбан айт мерекесіне орай бір ірі қара мен екі қой құрбандыққа шалынып, 1 тонна бауырсақ пісірілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына Төлеби ауданының қымызы мен Отырар ауданының шұбаты ұсынылды. Сондай-ақ келушілерге оңтүстіктің тәттілігі тіл үйірер жеміс –жидектері мен қауын-қарбызы тегін үлестірілді.Облыстың мәдени, тарихи келбетін айқындайтын 2000-ға жуық құнды жәдігерлер мен қылқалам және қолөнер шеберлерінің туындылары да Астана халқы мен ЭКСПО қонақтары назарына ұсынылды. Соның ішінде қазақ тарихында орны айырықша Кенесары Қасымұлының қылышы да бар.      

Этно ауылдағы ұлық мерекенің көркін Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әншілері қыздыра түсті. Күміс көмей, жез таңдай әншілер кйіз үйлерді аралай жүріп, қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіріп орындап, көпшілік ықыласына бөленді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*