«Оңтүстік-Цирк» қазақстандық цирктер тарихында тұңғыш рет «Томирис» қойылымын қойды

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астаналық цирк сүйер көрерменге «Оңтүстік-Цирк» мекемесі «Томирис»қойылымын тарту еткенін айта кету керек. Бұл қойылым еліміздегі цирктер тарихында тұңғыш рет қолға алынған тарихи – театрландырылған көрініс болып саналады.

Бас режиссері – Данияр Серікбаев болып табылатын қойылымда сақтар дәуіріндегі қазақ даласын мекендеген еркін, азат, рухы биік, қайсар халықтың өмірі көрсетілген. Сонымен қатар, мұнда ұлы даланың қадір-қасиетін ұрпаққа насихаттайтын қазақ қызының қайсарлығы, тектілігі мен даналығы, Тұмар (Томирис) ханшайымы мен Кир патшасының арасындағы байланыс, қақтығыс, қақтығыстың шешілуі кеңінен көрсетілді.

Цирктік жанрлармен қамтылған тарихи бейнелерді Оңтүстік-Цирктің әртістері ойнап шықты. Қойылым 95 минутты қамтиды. Қойылым барысында клоундар мен акробаттар, әуе гимнасттары мен қиыннан қиысқан трюктер арқылы жауынгерлік үлгісін көрсететін ат өнерінің жігіттері, жыртқыш аңдар мен жан-жануарлар әлемі қызықты нөмірлерімен жаңа образдарды ойнап шықты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*