Астанада «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» гала-концерті өтті

Елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында жалпы жұртшылыққа арналған «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты облыстың өнер шеберлерінің гала-концерті өтті. Гала-концерттің ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев барша астаналықтар мен қонақтарды Конституция күнімен құттықтады.

Оңтүстік өнерпаздарының концертіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова,  Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахманов, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев,  Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен Қазақстандағы шетел елшілері және қоғам қоғам қайраткерлері қатысып, бүгінгі кештің мәртебелі меймандары болды.

Өңірдің өзіндік келбеті мен ерекшелігін, мәдени, рухани байлығы мен тарихи ізгі қадамдарын жұртшылыққа насихаттау мақсатындағы айтулы шараға облыстың 1000-ға жуық мәдениет және өнер шеберлері қатысты.

Өнер көшінің алғы баспалдағы жергілікті өнерпаздардың гала-концертімен басталып, Астанадағы мәдениет күндерінің шымылдығы түрілді. Киелі, тарихи мекенге бай күнгей өлкенің шарасы «Қазына», «Шамсинур», «Тұмар», «Шаттық» би ансамбльдері мен балет тобы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілерінің қатысуымен «Тіршіліктің бастауы — Қазығұрт» сазды-хореографиялық композициясынан бастау алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*