Астанада оңтүстікқазақстандық 600 домбырашы бір мезетте «Балбырауын» күйін тартты

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Отан-ана мен сарабдал саясатты елдің асқақ өмірін насихаттауға мақсатында дүниеге келген Н.Бейсеқожаевтың «Нұрлы жол» күйі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, облыстық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Х-бэнд» эстрадалық джаз ансамблінің орындауымен паш етілсе, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен құралған поппури де өнер сүйер көрерменге жол тартты. Халық әндері мен дәстүрлі әндер және сопранолар мен тенорлардың шеруі республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанған өнер дүлділдерінің орындауымен Б.Сердалының «Түркістаным — Тұраным» әні мен «Қазына» би ансамблі «Дала даналығы» биі рухты көтеріп, жігерді оятар леппен орындалды.Гала-концерт барысында Оңтүстік өңірінің тумасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері әнші Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі — Астана» әні аясында «Шамсинұр», «Шаттық» би ансамбльдері өзіндік өнердің үлгісін паш етті. Шара соңы «Мәңгілік ел үшін» сазды-әуенді композициясымен қорытындыланды.

Бұдан бөлек, 600 жас домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, домбыраның күмбірлеген үні көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*