Астанада оңтүстікқазақстандықтар ұымдастырған «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі — Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесіне «Қол өнерім-өнегем атты бұрышта қазақ халқының этнографиялық коллекциялары, аяққаптар, қоржындар, шашақбаулар, басқұрлар, зергерлік бұйымдар, кәдесыйлықтар мен ұлттық бұйымдар қойылса, «Тарихи мәдени ескерткіштер» тақырыбында Домалақ ана, Бәйдібек ата, Ысқақ баба, Баба Түкті шашты Әзіз кесенелерінің фотосуреттері мен макеттері, VIII- IX ғ.ғ. қыш ыдыстары ілінді. Сондай-ақ көрмеде «Қолөнер бұйымдарын сату бұрышы», «Көне кітап әлемі» — кітаптар бейнеленген фотосуреттер, көне кітаптар, «Хандық дәуір» — хандық дәуірді көрсететін кескіндемелік картиналар, сауыт, қару-жарақ, Хан тағы, Тайқазан, Лауха тағы да басқа жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, көрмеге келушілерді әсіресе, ұлы сазгер — Шәмші Қалдаяқовтың, күш атасы — Қажымұқан Мұңайтпасұлының кескіндемелік фотосуреттері мен портреттері, олардың жеке қолданған заттары, медальдары, жарнама қағаздары таң-тамаша еткен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 2016-2017 оқу жылдарында 97 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілген
2016-2017 оқу жылдарында Оңтүстік Қазақстан блысында 94 білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал биыл аудандық, қалалық бюджет есебінен 43 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстарына 2,6 млрд теңге қаралған. Бүгінгі таңда 45 […]
ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында мерейтой иесі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық […]
ОҚО-да тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесі талқыланды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» Акционерлік қоғамы төрағасы Марат Садуовтың қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға облыстық, қалалық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшылары […]
Пікір қалдыру